Елордада жыл соңына дейін 1,2 мың нысан мүгедектер үшін бейімделеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жыл соңына дейін 1,2 мың нысан мүгедектер үшін бейімделеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115856129774314.webp)
Нұр-Сұлтанда шағын және орта бизнес өкілдерінің арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету мәселесі бойынша түсіндіру жүргізілуде, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтанда білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау мен шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін анықтау жүргізілуде, деді бүгін брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Илья Скуб. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жолдауын іске асырудың ұлттық жоспарына және аймақты дамыту жоспарына сәйкес 2020 жылдың соңына дейін 1200 әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарын паспорттау және бейімдеу жоспарланған. 2012 жылдан бері 1287 нысан тексеріліп, бейімделді, ол 2020 жылдың соңына дейінгі 100% жоспарының 98,5% құрайды», – деді И. Скуб. Мемлекеттік басқарудың 34 нысаны, 5 әлеуметтік қорғау, 36 денсаулық сақтау, 14 спорт, 20 мәдениет, 178 мектеп және мектепке дейінгі білім беру, 4 көлік инфрақұрылымы, 926 шағын және орта бизнес нысаны, сондай-ақ 70 тұрғын үйге тиісті қалыпқа келтірілді. И.Скубтың сөзінше, одан бөлек басқарма Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментімен бірлесіп, шағын және орта бизнес нысандары өкілдерінің арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізеді. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңына сәйкес, тұрғын үй, азаматтық және коммуналдық сипаттағы нысандарды пайдалануға қабылдау комиссияның құрамына әлеуметтік бағдарламалар, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болмаса қабылдауға рұқсат етілмейді.
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)