00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Нұр-Сұлтанда 360 орынға арналған балабақша ашылды

14 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда 360 орынға арналған балабақша ашылды
ашық дереккөз

«Аbadan» жекеменшік балабақшасының жалпы ауданы – 1,6 га. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салынған ғимараттың аумағы – 8 мың ш.м. Жеке инвестициялар сомасы 2 млрд теңгені құрады. [caption id="attachment_38908" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Елорданың Білім басқармасының мәліметінше, балабақшада 36 тәрбиеші және 10-ға жуық арнайы маман жұмысқа кіріседі, олар – бейнелеу өнері, дене шынықтыру мұғалімдері, ағылшын тілін тасымалдаушылар. [caption id="attachment_38910" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] «Бүгін МЖӘ аясында 360 орындық жекеменшік балабақша ашылды. Инвестиция сомасы 2 млрд теңгені құрады. Балабақшаның ерекшелігі – 18 топқа арналған. Алдағы уақытта сабақтарды ағылшын тілінде өткізу жоспарланып отыр. Яғни, балалармен ағылшын тілінде оқу-тәрбие процесін жүргізетін мамандар шақырылады. Сондай-ақ, балаларға арналған кең орындар қарастырылған: акт залы, бассейн, спорт залы. Әр топ үшін жеке жатын бөлме, шешінетін бөлме бар. Іші әдемі жиһаздармен және құрал-жабдықтармен жабдықталған», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі ұйымдар бөлімінің басшысы Айгүл Ережепова. Бөлім басшысының айтуынша, шектеу шараларына байланысты 15 адамнан тұратын кезекші топтарға құжаттар қабылданады. «Ата-аналардан өтініштер түсіп жатыр. Қазірдің өзінде 5 топта 15 бала бар. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысының 14 қосымшасы бойынша санитарлық нормалар сақталды», – деді Ережепова. [caption id="attachment_38913" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Балабақшада жүзу, футбол, каратэ, шахмат, хореография, бейнелеу өнері, робототехника, театр өнері және қыш өнері сияқты 10 түрлі үйірме бар. [caption id="attachment_38916" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] [caption id="attachment_38917" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Сонымен қатар, балабақшада екі оқшаулағыш және тұз бөлмесі қарастырылған медициналық блок, психолог пен логопед кабинеттері, ас бөлімі, кір жуатын бөлме, сондай-ақ инфрақызыл саунасы бар бассейн қарастырылған. [caption id="attachment_38919" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Әр қабаттағы дәліздерде еркін ойын алаңқайы орнатылған: оқу бұрыштары, магниттік және бор аймақтары, гипоаллергенді материалдардан жасалған LEGO аймағы, фигуралары бар жапсырмалар аймағы. Балабақша меңгерушісі Алтынгүл Тайбасарова мәлім еткендей, білім беру процесін ұйымдастыру үшін Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Назипа Құлжанова сияқты қазақтың біртуар тұлғаларының идеялары негізге алынған арнайы бағдарлама әзірленді. Сондай-ақ, авторлары Реджио Эмилия, М.Монтессори, Л. Выготский, Дж. Пиагет және Дьюи саналатын әлем қолданатын ең жақсы білім беру тәсілдері негіз болды.