Елорданың қоғамдық көліктерінде бетпердесіз жүруге рұқсат етілмейді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың қоғамдық көліктерінде бетпердесіз жүруге рұқсат етілмейді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120614517746051.webp)
Елорданың қоғамдық көліктерінде бетпердесіз жүруге рұқсат етілмейді, деп хабарлайды Елорда Инфо CTS компаниясына сілтеме жасап. «Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері қоғамдық көліктің жолаушылары көп жиналатын аялдамаларда күнделікті тексеру жүргізуді жалғастырады. Олардың басты мақсаттарының бірі – жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Нақты айтқанда 10 мамыр күнгі Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің автобус ішінде бетперде тағу туралы Қаулысын орындау», - делінген хабарламада. Күніне бір қызметкер 80-120 автобусты тексереді. Ол жолаушылармен қоғамдық көліктердегі карантиндік шараларға қатысты алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Жолаушылар бетперде тағудан бас тартқан жағдайда автобустан түсуді сұрайды. Естеріңізге саламыз, автобустарда жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз өтеу қажет. Карантинге дейін қоғамдық көліктегі қолма-қол ақшасыз жүру 98% құрады, қазір 100% жетті. Жүру ақысын қолма-қол ақшасыз ету үшін көліктік карта мен басқа төлем түрлері қарастырылған. Төлем SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы жасалады. Қоғамдық көлік енді жүре бастағанда 12 мамырда жолаушылар саны 146 907 болды, 15 мамырда – 237 969, 18 мымырда - 268 163.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)