Жұмысшыларына берешек кәсіпорындарға 24 млн теңгеден астам айыппұл салынды
![Ернұр Қайнар](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жұмысшыларына берешек кәсіпорындарға 24 млн теңгеден астам айыппұл салынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173933824622277227.webp)
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 16 кәсіпорнында 1,1 мыңнан астам жұмыскерге 318,2 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
81,3 МЛН ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ
Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 499 еңбек құқығының бұзылуы анықталды.
«Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 240 ұйғарым берілді және 24,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 890 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 81,3 млн теңге төленді», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.
ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ 389 ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 ақпандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 389 тексеру жүргізді, оның барысында 499 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 466; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 31; халықты жұмыспен қамту бойынша – 2.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
![Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173934479835297084.webp)
![Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393358116389739.webp)
![Қазақстандықтардың жалақысы ресми көрсеткіштен әлдеқайда төмен болып шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173933090240059946.webp)
![Бектенов 20 ақпанға дейін Салық кодексі жобасына түзетулерді Парламентке енгізуді тапсырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173927168626198542.webp)