Елордалық студенттер Арал теңізін 363 келі қоқыстан тазартты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық студенттер Арал теңізін 363 келі қоқыстан тазартты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211542941877677.webp)
Біз әлемді жақсартқымыз келеді және қазіргі экологиялық проблемаларды шешуде креативті тәсілдер ұсынып жүрміз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілегендей, елімізге волонтерлік қозғалыс керек. Арал теңізі мәселесі біздің заманымыздың ең маңызды экологиялық проблемаларының бірі. Алғашқыда Арал теңізінің тартылғанын білетін бірақ, өз көзімен көрмеген команда мүшелері болды. Бәріміз жергілікті халықпен танысып, теңізді жақыннан көргенде ерекше әсер алдық»,- деп атап өтті команда капитаны Динара Кеулімжанова. Арал қаласының тұрғындарын қолдау мақсатында жастар тағы бір жоба ұсынған. Ол үйлерді жылытуға арналған отын брикеттерінің өндірісі. Брикеттер үшін Арал теңізі маңындағы қамысты пайдаланған екен. «Экологиялық отын түрі көмірқышқыл газын бөлмейді. Көмірмен салыстырғанда, ұзақ жанып, күлі ғана қалып қояды және бағасы да арзандау»,- дейді Динара Кеулімжанова. Студенттер бұл игі істермен шектелген жоқ. Форумдар мен конференциялардан қалған ескі баннерлерге екінші өмір сыйлап отыр. Керексіз баннерлерден Аралдық балықшылар үшін сапалы алжапқыш тігу жұмысын жолға қойды. Нәтижесінде «Аналар үйіндегі» әйелдер жұмыспен қамтылды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)