«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115429819507560.webp)
2019 жылы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары экономиканың шикізаттық емес салаларының кәсіпорындарына жалпы сомасы 839 млрд теңгеге қолдау көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 123,8 млрд теңгеге немесе 17%-ға ұлғайды. Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында 2019 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне немесе олармен үлестес заңды тұлғаларға жатпайтын 5 500 компания мен ұйымға 712 млрд теңге сомасында қолдау көрсетілді. Холдингтің отандық экспорттаушыларды қолдауының арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 1 трлн теңгеден асты (2018 жылы – 750 млрд теңгеден асқан). Сонымен қатар отырыста «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2020 жылдың екінші тоқсанындағы тәуекелдері жөніндегі есебі бекітілді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)