Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115432819176374.webp)
Финалда 14 жасар қазақстандық жас дарын Sia атты әншінің «Alive» әнін шырқады. "Бұл соншалықты оңай компазияция емес. Дайындыққа уақыт аз қалса да, біз осы әнді таңдадық. Мені қолдап, жылы сөзін аямаған жандардың бәріне алғысым шексіз, бұл мен үшін өте маңызды», - деді орындаушы. Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенконың сөзіне сенсек, алдыңғы екі кезең секілді мұнда да бір тәулік бойы көрермен өзі ұнатқан орындаушысына дауыс береді, ал оның нәтижесі ертең жарияланады. Жалпы, байқаудың соңғы шешуші кезеңінде 10 әнші бақ сынаған, оның ішінде алтауы - әртүрлі жастағы вокалистер. Еске сала кетсек, Данэлия Төлешова шілде айының соңында американдық America’s Got шоу жобасының үшінші турына өткен болатын. Әлемге танымал байқау қазір пандемияға байланысты онлайн форматта өтуде. Кейін қазақстандық жас әнші америкалық «America's Got Talent» таланттар шоуының финалына өтті. Данэлия America’s Got Talent шоу жобасында қазылар алқасын таң қалдырған болатын. Оның өнеріне тәнті болған зал тік тұрып, қол соқты. https://www.youtube.com/watch?v=TlsIO7g9Rbw
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)