«Алтын тобылғы» байқауына өтінімдер 1 қарашаға дейін қабылданады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Алтын тобылғы» байқауына өтінімдер 1 қарашаға дейін қабылданады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211543572731910.webp)
«Алтын тобылғы» байқауы биыл алтыншы рет өтуде. Оған қатысушылар 1 қарашаға дейін өтінімдерін жолдай алады, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұрсұлтан Назарбаев қорына сілтеме жасап. Байқаудың мақсаты – заманауи қазақстандық көркем әдебиетті қолдау, дамыту және насихаттау. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастыратын сайыс елдегі ең үздік жас ақындары мен жазушыларын анықтайды. Жүлде «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік драматургиясы», «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы», «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды» номинациялар бойынша тағайындалады. Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тіліндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға да қатысуға құқылы. Арнайы номинацияның жеңімпазы 3 миллион теңге иеленеді. Байқауға қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады. Өтінімді пошта арқылы Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан көшесі 1, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2020@fnn.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)