«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы тұжырымдамасы қайта пысықталады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы тұжырымдамасы қайта пысықталады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115436125461632.webp)
«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы тұжырымдамасы нақтыланатын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша келіспеушіліктерге қатысты ақпарат министрліктердің, «Атамекен» ҰКП-ның және қатысты бизнес қауымдастықтардың қатысуымен Заң жобасын әзірлеу үшін арнайы құрылған жұмыс тобының отырысында қаралмаған және мақұлданбаған «өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы тұжырымдамасының қате редакциясына негізделгенін атап өтті. Бұл редакция әзірлеушінің субъективті пікірі болып табылады және министрліктің ресми ұстанымын білдірмейді. Пысықталған тұжырымдама жақын арада қоғамдық талқылау үшін жарияланатын болады. Министрлік «Атамекен» ҰКП мемлекеттің өнеркәсіптік саясатын әзірлеуде біздің негізгі серіктесіміз болып табылатынын атап өтті", – делінген ҚР ИИДМ таратқан ақпаратта.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)