Нұр-Сұлтанның медициналық мекемелері COVID-19 емдеуде қолданылатын жабдықтармен толықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанның медициналық мекемелері COVID-19 емдеуде қолданылатын жабдықтармен толықты
ашық дереккөз

Елорданың медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерімен және  пульсоксиметрлер, ӨЖЖ аппараттары және оттегі концентраторлары сияқты қажетті құралдармен толықты,  деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетілді. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді. Осылай Нұр-Сұлтанға 5 өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ), 10 оттегі концентраторы және 80 пульсоксиметр берілді. Сондай-ақ, облысқа Shevrolet Damas маркалы 10 жедел жәрдем көлігі келді. «Samruk-Kazyna Trust көрсеткен гуманитарлық көмектің және басқа да көптеген демеушілердің арқасында жүздеген адамның өмірі құтқарылды, мыңдаған адам емделді. Медицина қызметкерлерінің сапалы және жоғары деңгейлі техникамен жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Пандемия кезінде демеушілер тарапынан көрсетілген қолдау мен қамқорлық біз үшін аса маңызды», - деп алғысын білдірді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов. Айта кетейік, мұндай жиынтықтарды әрбір облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар алады. «Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев. Еске сала кетейік, Меморандум аясында республикамыздың Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады.