Ж.Элиманов: еліміздегі барлық заңсыз жұмыс істеп келген ойынханалар жабылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ж.Элиманов: еліміздегі барлық заңсыз жұмыс істеп келген ойынханалар жабылды
ашық дереккөз

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов онлайн брифингте заңсыз жұмыс істеген ойынханалардың жабылғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі таңда құмар ойындарына тек Алматы облысындағы Қапшағай және Ақмола облысындағы Щучинск қалаларында ғана рұқсат берілген болатын. Осы ретте «СТОП-ОЙЫН» жедел профилактикалық жұмыс нәтижесінде заңсыз жұмыс жүргізіп келген 765 ойын орны, 22 казино, 12 мың аппарат анықталып, жұмыстары тоқтатылды. Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Қызылорда қалаларында заңсыз ойын бизнесін жүргізіп келген Германия азаматы күдікті ретінде ұсталды. Оның заңсыз табысы 800 миллион теңгені құраған. Сонымен қатар Алматыдағы Parimatch букмекерлік кеңсесінің басшысы, Украина азаматы Кочерга заңсыз ойындарға бәс қабылдағаны үшін сотталды», – деді комитет төрағасы. Сондай-ақ ол еліміз бойынша барлық заңсыз ойынханалардың жабылғанын атап өтті. Оның сөзінше, осындай құмар ойындарының кесірінен ұрлық-қарлық, тонау қылмыстары орын алады.