ӨКМ Операторы қайта өңдеу саласына субсидия беру шарттарын жеңілдетеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ӨКМ Операторы қайта өңдеу саласына субсидия беру шарттарын жеңілдетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115429038577659.webp)
Қаптама қалдықтарын жинау және қайта өңдеу саласының көрсеткіштерін талдау, сондай-ақ бизнестің өтініштерін қарау негізінде ӨКМ Операторының мамандары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қосымша тетіктерін әзірледі. «Қалдың өңдеудегі жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін қаптама қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын әрбір ұйым, жинау көлемін жыл сайын 5-10%-ға өсіріп отыру міндеттемелерін алады. Сонымен қатар түсетін өтінімдер бойынша (кемінде 20 кг) қайталама шикізат жинауды жүзеге асыратын болады», - деді «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев. Аталған шараларды жүзеге асыру кешенді түрде қалдықтармен жұмыс істеу саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қаптама қалдықтары мен автокомпоненттерді жинау географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді және экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Биыл қаптама қалдықтарын жинаудың жоспарлы көлемі 130 мың тонна, автокомпонент қалдықтары 102 мың тоннаны құрады. 2020 жылы Оператор Талдықорған, Ақтөбе, Семей, Өскемен қалаларының әкімдіктерімен ҚТҚ бөлек жинауды және сұрыптауды енгізу жобаларын жүзеге асыру бойынша 4 жол бірдей жол картасына қол қойды. ӨКМ Операторы тарапынан айтылған ұсыныстарды салалық мәжіліске қатысушылар алдағы 1 қазанға дейін қарайтын болады. 2021 жылдан бастап Қазақстанда ӨКМ Операторынан ақшалай төлемдер алу тәртібін оңайлату қарастырылады. Кеңейтілген салалық мәжілісте қайта өңдеу саласын қаржылай қолдау шарттары қайта қаралды, деп хабарлайды Елорда Инфо «ӨКМ Операторы» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаптама қалдықтарын жинау және қайта өңдеу саласының көрсеткіштерін талдау, сондай-ақ бизнестің өтініштерін қарау негізінде ӨКМ Операторының мамандары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қосымша тетіктерін әзірледі. «Қалдың өңдеудегі жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін қаптама қалдықтарын жинауды жүзеге асыратын әрбір ұйым, жинау көлемін жыл сайын 5-10%-ға өсіріп отыру міндеттемелерін алады. Сонымен қатар түсетін өтінімдер бойынша (кемінде 20 кг) қайталама шикізат жинауды жүзеге асыратын болады», - деді «ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев. Аталған шараларды жүзеге асыру кешенді түрде қалдықтармен жұмыс істеу саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қаптама қалдықтары мен автокомпоненттерді жинау географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді және экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Биыл қаптама қалдықтарын жинаудың жоспарлы көлемі 130 мың тонна, автокомпонент қалдықтары 102 мың тоннаны құрады. 2020 жылы Оператор Талдықорған, Ақтөбе, Семей, Өскемен қалаларының әкімдіктерімен ҚТҚ бөлек жинауды және сұрыптауды енгізу жобаларын жүзеге асыру бойынша 4 жол бірдей жол картасына қол қойды. ӨКМ Операторы тарапынан айтылған ұсыныстарды салалық мәжіліске қатысушылар алдағы 1 қазанға дейін қарайтын болады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)