Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Абай шыңына ту тікті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Абай шыңына ту тікті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115430219729720.webp)
ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері 4010 метр биіктікте Іле Алатауы жотасының сілемінде орналасқан Абай шыңына шықты. Бұл туралы Елорда Инфо Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Акция қазақтың ұлы ойшылы, жазушы және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының мерейтойына орайластырылды.
Жарысқа қатысушылар маршрут бойынша қозғалысты «Тұйықсу қақпасы» базалық лагерінен бастады. Әскери қызметшілер күрделі сейсмикалық қауіпті учаскелер мен жартастарды еңсеру барысында жауынгерлік машықтары мен шеберліктерін көрсетті. Топ құрамында алғаш рет осы биіктікті бағындырған альпинистер де болды.
Әскери қызметшілер шыңды бағындырғаннан кейін оған Қазақстан Республикасының туын тікті. Сондай-ақ, шың басына Қарулы Күштер атынан ескерткіш мәрмәр тақтасы орнатылды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)