Бүгіннен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгіннен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылды
ашық дереккөз

Екі мемлекеттің уәкілетті құрылымдарының шешіміне сәйкес 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылды. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Рейстер өзара негізде аптасына бір рет жиілікпен орындалады. Рейстер және билеттерді сату Қазақстан мен Ресей белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, шектеулер алынынып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, Ресей тарапы Қырғызстан және Беларусь Республикаларымен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.