Елорданың орталық базары бұрынғы режимде жұмыс істеуге дайын - әкімдік

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың орталық базары бұрынғы режимде жұмыс істеуге дайын - әкімдік
ашық дереккөз

Астана әкімдігі қаланың ірі сауда орталығының дайындығын тексеріп, оның жұмысына «жақсы» деген баға берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. «Бүгін біз СЭС органдарымен бірге карантинді жеңілдету аясында орталық базар жұмысын қалпына келтіру дайындығын тексердік. Дайындық жоғары. Негізінде барлық базар антисептик, маскалармен қамтылып, логистика ұйымдастырылған. Базар басшылығы санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жүргізіп жатыр. Бақылау әрі қарай да жалғасады. Біз мұны күнделікті тексереміз», – деді Нұр-Сұлтан қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев. Орталық базар басқарушы компаниясының директоры Атахан Әбдіжәліловтің айтуынша, саудагерлер мен базар қызметкерлері антисептик, қолғап, санитайзермен толық қамтылған.