Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
ашық дереккөз

Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Кеңесте елорданы дамыту бағытындағы бірқатар маңызды мәселені талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Ол – қолжетімді баспана мен әлеуметтік нысандар құрылысы, үлескерлер мәселесін шешу, шеткі аймақтарды дамыту, «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» концепциясы аясында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді дамыту. Сонымен қатар хайуанаттарды қорғау және оларға қамқорлық көрсету жөніндегі шараларды да талқыладық. Жүйелі мәселелердің қалай шешіліп жатқанын өз көздерімен көріп, сол бойынша тиісті шешім қабылдау үшін Қоғамдық кеңес мүшелері бізбен бірге нысандарды аралайды. Мысалы, алдыңғы күндері олармен бірге нөсер канализациялары мен тазарту құрылыстарымен таныстық. Осындай кездесулер кең аудиториялар арқылы азаматтарға қаланың дамуы жөніндегі ақпараттарды жеткізуге және кері байланыс алуға мүмкіндік береді», делінген қала басшысының instagram желісіндегі парақшасында.