«Nur Otan» партиясы астаналық филиалына келіп түскен өтініштердің 80%-ы оң шешімін тапты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Nur Otan» партиясы астаналық филиалына келіп түскен өтініштердің 80%-ы оң шешімін тапты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212062029376298.webp)
Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясы астаналық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне келіп түскен өтініштердің 80% - ы оң шешімін тапты. 6 мыңға жуық адам партияға жазбаша түрде, egov.kz сайты арқылы, WatsАpp мессенджері, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері, сондай-ақ онлайн өтініштер арқылы жүгінді. Бұл туралы Елорда Инфо Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды. «Қарастырылған мәселелер қатарына «BizBirgemiz» акциясы аясында азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық көмек көрсету, балалар киімі мен аяқ киімдері түріндегі көмектер, жеке балабақшаларда орындар бөліп беру, көп балалы отбасынан шыққан балаларға арналған тегін үйірмелер, БОҰО-дағы БЦП диагнозы бар балаларға оңалту квотасын алу, дәрі-дәрмектер мен мүгедектер арбаларының берілуі, жалақы бойынша қарыздарын төлеу және тағы басқаларын айта аламыз», деп жазды Е.Каналимов.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)