Екпе салу әркімнің өз құқығы – Тимур Мұратов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Екпе салу әркімнің өз құқығы – Тимур Мұратов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211544702847170.webp)
- Әлемдегі барлық вакциналар міндетті және ерікті деп жіктеледі. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес біздің азаматтарға арналған вакциналар да дәл солай міндетті және ерікті болып бөлінеді. Кодекстің 85-бабына сәйкес, біздің азаматтар міндетті вакциналар тізіміне енгізілген профилактикалық екпелерді алуға міндетті екендігі көрсетілген. Халықтың эпидемиялық әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ инфекцияның алдын алу мақсатында Ұлттық вакцинациялау күнтізбесі бекітілді. Иммунитет - организмге вакцина енгізілгеннен кейін жасушалық деңгейде пайда болатын биологиялық процесс. Тәжірибе көрсеткендей, ауырған адамдарда вакциналардың болуына қарамастан, ауру үдерісі жеңіл өтеді, ал асқынулар мен өлім сирек кездеседі. Вакцина алуды міндетті деп ешкім есептемеуі тиіс. Тұмауға қарсы вакцинация жергілікті мекенжайы бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. Вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға; медициналық қызметкерлерге; жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3 триместрі); жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, үй, интернат); мүгедек ересектер мен созылмалы аурулары бар балаларға және 60 жастан асқан қарт адамдарға жүргізіледі. Қалай дегенде де ақпараттандырылған келісімге немесе вакцинациядан бас тартуға құқығы пациенттің өзінде. Екпе алмаған балалар мен ересектердің құқықтарын шектейтін ережелер жоқ. Әрине, «вакцинацияға қарсы» проблема тек біздің мемлекетте ғана емес. Адамзат тарихында вакцинациядан бас тарту бірнеше рет қайғылы нәтижелерге әкелді. Еуропаның бірқатар елдерінде вакцинацияның тоқтатылуымен байланысты эпидемияның, вакцинадан сақтануға болатын аурулардың белгілі жағдайлары кездесті. - Вакцина жасау қаншалықты тиімді? - Әр елде әрқалай. Кейбір пікірлерге сүйенсек, вакцинаның тиімділігі тұмау вирустарына байланысты әртүрлі болуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда тиімділігі 40%-дан 60%-ға дейін болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмауға қарсы вакцинация әлемдегі ең жақсы профилактикалық емдеу әдісі екенін анықтады, ол өз кезегінде халықты тұмаудан қорғайды. Басқаша айтқанда, бұл аурудың ауырлығын төмендететін және асқыну, ауруханаға жатқызу және өлім қаупін төмендететіні анық. - Вакцинация кейбір салдарға әкеп соғуы мүмкін деп жиі айтады. Адам қандай асқынуларға тап болуы мүмкін және бұл қаншалықты рас? - Вакцинация тұмаумен ауырып қалмау толық кепілдік бермейді, алайда аурудың ағымы әлдеқайда жеңіл өтеді, өйткені ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алу керек. Қандай да бір асқынулар болған жағдайда да, бұл денсаулыққа үлкен зиян келтірмейді. Әдетте, жанама әсерлер ықтималдығы вакцинаның түріне байланысты. Тірі вакциналар инактивтендірілгенге қарағанда әлдеқайда жоғары. - Екпені кім салдырта алмайды? - Тұмауға қарсы вакцина тауық ақуызына жеке төзімсіздігі бар адамдарға салынбайды. Себебі, тұмауға қарсы вакцинаның құрамында осындай ақуыз бар. Созылмалы аурулардың өршуімен ауыратын, вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциясы бар адамдарға вакцинациядан бас тартуға кеңес береміз. Жұмсақ ауырлықтағы өткір респираторлық вирустық инфекциялармен, өткір ішек ауруларымен ауырған кезде вакцинация температура қалыпқа келгеннен кейін жүргізіледі. 6 айға дейінгі балалар мен жүктіліктің бірінші триместрінде вакцинация жасалмайды. - Екпе салу науқаны уақыт бойынша қашанға дейін созылады? - Елордада вакцинация қыркүйектің басында басталды және қараша айының басына дейін жалғасады. Қала тұрғындарын вакцинациялау үшін Қоғамдық денсаулық басқармасы 110 мың доза вакцина сатып алды. Сонымен қатар, 42 мың доза вакцина сатып алу жоспарланып отыр. - Халықтың белгілі бір тобы емханаларда ақысыз егіледі. Ақылы негізде екпе салам деушілер қай жерде вакцинаны ала алады? - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұмауға қарсы екпе 6 жеке медициналық ұйымдарда жасалады. Олар: «Интертич» отбасылық-дәрігерлік амбулатория, «Медлайн» МО, «Медикер» ЖШС, «Оупен Клиник» МУ, «Интертич Астана МедАссистенс» ЖШС, «Медикал Ассистенс групп» ЖШС, «Архимедус Казахстан» ЖШС. Орташа есеппен құны 2500-3500 тг дейін жетеді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)