Астана әкімдігі әуе қатынасының ашылуына байланысты қонақүйлердің дайындығын тексерді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана әкімдігі әуе қатынасының ашылуына байланысты қонақүйлердің дайындығын тексерді
ашық дереккөз

Қалалық әкімдік қызметкерлері қонақүйлердің келушілерді қабылдауға дайындығын анықтау үшін тексеру өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. «Қала әкімі әуе қатынасының ашылуына байланысты қонақүйлердің дайындығы туралы мәселе көтерді. Бүгін мұнда санитарлық қорғау шаралары қабылданғанына көз жеткіздік», – деді инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев. «Astana Marriott» қонақүйінің бас менеджері Құралай Оңғарованың айтуынша, дезинфекциялық әрі санитарлық норманы сақтау міндетті, және ол бұлжытпай орындалады. «Бүгін қонақүйлерді аралап көрдім. Келушілерді қабылдауға дайын екеніне көз жеткіздік – барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай», – деді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева. Бүгін «Astana Marriott» пен «G Impire» қонақүйлері тесеруден өтті.