Нұр-Сұлтанда Техникалық реттеу саласындағы қызметкерлер жыл сайынғы оқытудан өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда Техникалық реттеу саласындағы қызметкерлер жыл сайынғы оқытудан өтті
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты жыл сайын Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында өтеусіз негізде ауқымды республикалық оқытуды өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.   Іс-шара халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары, түрлі деңгейдегі қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру және арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинар қашықтық форматта өтті, онда қатысушылар бейнедәрістерді тыңдап, онлайн-форматта дәріскерлермен сөйлесті. Биылғы жылы семинарға 100-ден астам қатысушылар жиналды, олардың арасында мемлекеттік органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, жоғары оқу орындарының, машина жасау, металлургия, энергетика, химия және тамақ өнімдері кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері бар. Семинарға қатысушыларды Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова қарсы алды. Тыңдаушылар 3 күн ішінде ұлттық стандарттау жүйесі саласындағы жалпы Нормативтік-құқықтық базамен танысты, «Стандарттау туралы» Заңның негіздерін, стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдануды, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану ережелерін, ұлттық стандарттау жоспары мен ұлттық стандарттарды әзірлеу ережелерін зерттеді. Осы семинардың жаңалығы - мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы практикалық қолдану мәселесін зерделеу. Қатысушылар техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, ұлттық деңгейде де, ЕАЭО шеңберінде де сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелерін егжей-тегжейлі қарады. Семинар дәріскерлерінің бірі Германиядан келген шетелдік сарапшы Герд Слапке болды. Ол ЕО-да сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманы іс жүзінде қолдану туралы, сондай-ақ Германия мысалында ЕО-да сәйкестікті растау және аккредиттеу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарда қабылданған өзгерістер туралы айтты. Тыңдаушылар Германия мысалында ұлттық заңнама саласындағы сәйкестікті растау мәселелері және ЕО-дағы нарықты қадағалаудың заңнамалық негізі туралы пайдалы ақпарат алды. Дәріскер Германиядағы нарықты қадағалау және нарықты қадағалауда нотификацияланған органдардың маңызды рөлі туралы айтты. Оқыту шеңберінде қатысушыларға алғаш рет Қытай, Иран, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Германия үшін басым елдердің нарықтарына Техникалық реттеу және өнімнің қол жеткізу жүйесі таныстырылды. Сондай-ақ, қатысушыларға ақпараттық технологиялар және «Халал» өнімдері саласындағы стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнама талаптары түсіндірілді. Қашықтық форматтағы тыңдаушыларды платформаларға екі бағыт бойынша бөлуге мүмкіндік берді: «Халал» өнімдері және ақпараттық технологиялар, онда әрбір қатысушы өзі үшін қызықты бағытты таңдай алды. Семинар барысында тыңдаушылар практикалық қызметте туындайтын сұрақтарды белсенді түрде қойып, оларға дәріскерлер толық жауап берді.  Бұл оқыту болашақта, іс жүзінде, өнімдер мен қызметтер өндірісін жетілдіруде жоғары нәтижелерге дұрыс және тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дәріскерлер Еркежан Әмірханова – «ҚазИнСт» РМК бас директорының орынбасары, Герд Слапке – Евразия Глобал Коннектинг ГмбХ бас директоры, Дархан Абдрахманов – «Қазақтелеком» АҚ В2G жобасын басқару жөніндегі департаментінің менеджері, Валентина Чубрик – «ҚазИнМетр» РМК Қарағанды филиалының бас сарапшысы, Айтмухан Мусин – «ҚазСтИн» РМК Талдау және жүйелендіру орталығының бас маманы, Бейбут Абилев - департамент басшысы – ҚР СИМ ТРМК СҚО бойынша департаменті РММ Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы, Болат Абайұлы – «ҚазСтИн» РМК халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы».