Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысан жабылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысан жабылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212062342922690.webp)
Нұр-Сұлтанда құрылыс компаниялары, дүкендер мен кафелер санитарлық нормаларды бұзғаны үшін жабылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысан жабылды: құрылыс компаниялары, азық-түліктік емес дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар (өзімен бірге алып кету қызметі жұмыс істеген) және т.б. Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды. Коронавирустан жазылғандар үшін індет мүлде қауіпсіз деуге болмайды. Инфекция өкпені ғана емес, бүйрек, бауыр, жүрек, миды зақымдауы мүмкін. Сонымен қатар өкпеде ұлпаның фиброзы түрінде ошақтар пайда болады – тыныс алу жүйесі ауыр жүктемелерге төтеп бере алмайды. Өкпе қызметі әлсірейді. Ауырғандарда бірер жылдан кейін қандай асқынулар туындауы мүмкін екені әлі белгісіз. Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қауіпті инфекцияға немқұрайлы қарауға болмайды. «Адамдар босаңсымауы, маска тағу режимін қатаң сақтауы керек. Егер санитарлық норма сақталмаса, қала тағы да қатаң карантин ережелеріне қайта оралады. Қалыпты өмірге тезірек оралу өзімізге байланысты», - дейді ол.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)