Халық қаһарманы «Жас сарбаз» мүшелерімен кездесті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Халық қаһарманы «Жас сарбаз» мүшелерімен кездесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211544228274725.webp)
ҚР Қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халық қаһарманы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаев «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Ерлік сабағы» аясында өткен іс-шарада «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, капитан Мейірбек Меңдіғалиев атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
[caption id="attachment_36613" align="alignnone" width="696"] Фото: Ғалым Қожабеков/Elorda Aqparat[/caption]
Өз кезегінде Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев әрбір қазақстандық жас азаматтың Отанымызды қорғауға, әскери борышын өтеуге міндетті екенін айтты.
Кездесу барысында жасөспірімдер Бақытжан Ертаевқа оның Қарулы күштер қатарында атқарған қызметтері жөнінде сұрақтар қойды. Жастардың сауалдарына Халық қаһарманы ризашылықпен жауап берді.
Аталған кездесудің мақсаты – қазіргі жаһандану дәуірінде жасөспірімдерді ана тілі мен салт-дәстүрін, елін, жерін сүюге, отансүйгіштікке баулу.
Шара соңында Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Құрметті мүшесі болып қабылданды.
Ғалым Қожабеков
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)