Е.Бейсенбаев: Еліміздегі оқу орындарының 600 жатақханасының 60-ы санитарлық талапқа сай емес

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Е.Бейсенбаев: Еліміздегі оқу орындарының 600 жатақханасының 60-ы санитарлық талапқа сай емес
ашық дереккөз

«Сапалы білім беру бойынша Мемлекет басшысы Жолдауында айтқандай, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізіліп, диплом беруді бизнеске айналдырған университеттер тексеріліп, оларға қатаң шара қолданылатын болады. Сонымен қатар әлемдегі тәжірибеге сүйенсек, кез келген оқу орны студенттерінің 30 пайызын жатақханамен қамтуы қажет. Осы ретте еліміздегі оқу орындарының 600 жатақханасы тексеріліп, оның 60-ы санитарлық талапқа сай келмеді. Қазіргі уақытта соның 30-ына жөндеу жүргізілді. Мысалы, Нұр-Сұлтандағы Политехникалық колледжінің жатақханасына қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Оның айтуынша, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 30 мың жас маман жұмыспен қамтылады. Жас отбасылар қолжетімді баспанаға ие болады.