Елнұр Бейсенбаев «Жастар-Отанға!» бағдарламасы туралы айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елнұр Бейсенбаев «Жастар-Отанға!» бағдарламасы туралы айтты
ашық дереккөз

«Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев онлайн брифингте «Jas Otan» ЖҚ 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жастар-Отанға!» – еліміздің барлық жастарын қамтитын өте ауқымды бағдарлама. Бұл бағдарлама 5 бағыттан, яғни азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу бағыттарынан тұрады. Осы бағдарламаны әзірлемес бұрын республика бойынша онлайн және офлайн форматында 200-ге жуық кездесу өтіп, 4 мыңға жуық жастардан кеңес алған болатынбыз. Бағдарламаны әзірлеу барысында әлеуметтік сауалнама жүргізуге ден қойдық. Екіншіден, халықаралық тәжірибелер зерттелді. Онда Канада, Германия сияқты дамыған елдердің тәжірибелері қаралды. БҰҰ-ның жастар саясатын қолдау бағдарламасы мен еліміздегі 2030 жылға дейінгі жастар стратегиялық бағдарламасы негізгі бағыттарымыздың бірі болды»,– деді ол. Оның айтуынша, «Jas Otan» жастар қанатының 106 мың мүшесі бар. 17 аймақта филиалы және республика бойынша 534 бөлімшесі жұмыс істейді. Бүгінге дейін 121 жобаны жүзеге асырған.