Астанада бірқатар көше 25 мамырға дейін жабылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада бірқатар көше 25 мамырға дейін жабылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120612241051952.webp)
Бұл жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаланың көше-жол желісін орташа жөндеу шеңберінде Жеңіс даңғылы бойынша Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр. Сондай-ақ Бұқарбай батыр көшесі бойынша Жеңіс даңғылынан Ирченко көшесіне дейінгі учаскеде жол жүру бөлігін ішінара жабу жоспарлануда. Бұл жұмыстар 15-25 мамыр аралығында жүргізіледі. «Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, жөндеу жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)