Елордада жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115460748013275.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/09/407b93e7-771e-43b3-8407-d501d0f8f152.jpg)
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Арқар» көпірінің астында бұқаралық спортты дамытуға және серуендеуге арналған жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды. Кеңістіктің ашылу салтанатына елорда әкімі Алтай Көлгінов бастаған жергілікті билік өкілдері қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Аталған орын аумағы 4 500 шаршы метрді алып жатыр. Онда баскетбол алаңы, балалар ойын алаңы және зілтемір көтеру, белтемірге тартылу, иога сияқты басқа да спорт түрлерімен жаттығуға арналған алаңдар, футбол алаңы қарастырылған. Жалпы, мұнда жүгіруге, жаяу немесе велосипедпен, скутермен жүруге болады. Сол сияқты түрлі би билеуге арналған сахна да қойылған. Сонымен қатар мұнда фудкорт, яғни тамақтанатын орын да бар.
Алтай Көлгінов алдымен аяқтарына шаңғыроллер байлаған спортшылармен, одан кейін баскетболшылармен кездесті. Спортшылар қала басшысына осындай мүмкіндік жасалып жатқанына ризашылығын білдірді.
«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары бойынша қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, бұл жоспардың басты мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласын тұрғындарға, туристерге, яғни барша адамға қолайлы ету. Мысалы, бұл орын бұған дейін бос жатқан болатын. Енді, міне, өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай мұнда қаншама спортшылар мен қала тұрғындары уақыттарын тиімді өткізіп жатыр. Әсіресе қазіргі пандемия кезінде адамдарға таза ауада көбірек жүру керек. Жабық орындарда спортпен шұғылдануға болмайтындықтан, оларға да бұл жер – жаттығу жасау үшін таптырмайтын орын», – деді Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, елордада мұндай 50-ден аса орын пайда болды. Ал бұл жер – Еуразия ұлттық университеті маңындағы көпірдің астындағы кеңістіктен кейінгі екінші орын.
Айта кетсек, «Арқар» көпірінің астындағы қоғамдық кеңістік арқылы жаяу жолдар Президент саябағына және Триатлон паркіне ұласып жатыр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)