Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» ЖШС-інде болды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» ЖШС-інде болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115474243192205.webp)
[caption id="attachment_35837" align="alignnone" width="800"] Фото: elbasy.kz[/caption]
Сонымен бірге шағын және орта бизнес, құрылыс саласы елорданың даму драйверіне айналғаны атап өтілді.
"Қала экономикасының 55 пайызын шағын және орта бизнес құрайды. Жыл сайын 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, оның 70 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. Сонымен қатар елорда құрылыс секторының көшбасшысы. 1997 жылдан бері 26 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Осы жылдардың ішінде елорда білім беру хабына, мәдени орталыққа және медицина кластері дамыған қалаға, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерін біріктіру арқылы маңызды көлік және транзиттік хабқа айналды.
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың даму жолында жетістіктермен қатар, азаматтарды толғандыратын мәселелер де бар екенін атап өтті. Олардың ішінде – үлескерлері бар құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер; үш ауысымдағы және оқушылар саны көп мектептер; жауын су ағатын кәріз жүйесі; қоғамдық қауіпсіздік мәселелері және тағы басқалары.
"Елорда әкімдігі мәселелерді үнемі бақылауда ұстап, азаматтардың өтінішіне жедел жауап беруі керек", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Сонымен қатар Елбасы елорда басшылығының алдында Үкіметпен бірге тұрғындар мен қонақтардың жайлы өмір сүруі үшін қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша бас жоспар мен даму жоспарын жүзеге асыру міндеті тұрғанын атап өтті.
[caption id="attachment_35838" align="alignnone" width="800"]
Фото: elbasy.kz[/caption]
"Жалпы, мен стратегиялық міндеттерді шешуді қамтитын даму жоспарын қабылдаймын. Елорда өмір сүруге және іскерлік белсенділікке қолайлы қала ретінде дами беруі керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Түркістан қаласында салынып жатқан Қазақ хандығының тарихына арналған мемориал жобасымен таныстырды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)