18-27 жас аралығындағы 17 мыңнан астам ер азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр – Жүсіпов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
18-27 жас аралығындағы 17 мыңнан астам ер азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр – Жүсіпов
ашық дереккөз

ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов онлайн брифингте күзгі әскерге шақыру басталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Президенттің биылғы 12 ақпандағы Жарлығына сәйкес, күзгі мерзімдегі әскерге шақыру басталды. Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру жөніндегі комиссиялар өз жұмыстарына кірісті. Қыркүйектен желтоқсанға дейін Қарулы күштердің қатарына 18-27 жас аралығындағы 17 мыңнан астам ер азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр. Әскерге шақыру және әскери қызметшілерді запастағы офицерлерге қатарына шығару кезінде қолданыстағы заң басшылыққа алынады», – деді ол.