III республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![III республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115465030001811.webp)
Биыл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мен ұйымдарының ІІІ республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Байқауға мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар қатысады.
Конкурстық іріктеу облыстық және республикалық екі турда өтеді.
Өңірлерде бірінші іріктеу кезеңі 14 қыркүйекке дейін өтеді. Жеңімпаздар осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін өтетін республикалық турға қатысуға мүмкіндік алады.
Республикалық байқаудың басталуы осы жылдың 28 қыркүйегінде онлайн форматта жоспарланған. Екі күн бойы қазылар алқасы республикалық фестиваль қатысушыларының өнерін бағалайды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі осы жылы 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, онлайн форматта өткізу жоспарланып отыр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)