«Білім» тарифтік жоспары отандық білім беру платформаларына шексіз қолжетімді - министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Білім» тарифтік жоспары отандық білім беру платформаларына шексіз қолжетімді - министр
ашық дереккөз

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин онлайн брифингте мұғалімдер мен оқушыларға арналып жаңа тарифтік жоспардың әзірленгені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биылғы қашықтан білім беруге байланысты мұғалімдер мен оқушыларды сапалы интернетпен қамту үшін байланыс операторлары «Білім» тарифтік жоспарын жүзеге асыруды қарастырды. Бұл тарифтік жоспар байлыныс бейнеконференцияларды қосқанда Білім және ғылым министрлігіне қарасты 600 интернет платформасына шексіз қолжетімділікті қамтиды. Сонымен қатар байланыс операторлары бұған қосымша 1 гигабайтты ұсынған болатын. «Білім» тарифтік жоспарының ай сайынғы абоненттік төлемақысы 990 теңгені ғана құрайды. Ол дегеніміз бүкіл дүниежүзіндегі ең төменгі пайдалану бағасын көрсетіп отыр. Бұл тарифтік жоспарға қалай қосылу керек жөніндегі ақпарат байланыс операторларының вебсайттарында толық көрсетілген. Бұл тарифтік жоспар отандық барлық білім беру платформасына шексіз болғанмен, ZOOM сияқты шетелдік білім беру платформаларына ақылы. Бұл ретте отандық білім беру платформаларына қолжеткізу шексіз болғандықтан, сол платформалардың серверлері әр өңірде орнатылды. Оқу процесі басталған уақытта аздаған мәселелер болды. Алайда оның бәрі қазіргі уақытта анықталып, жұмысы реттелді. Қазір сапалы жұмыс жүріп жатыр», – деді ол.