Күн сайын 2 миллион сабақ жүргізіледі – Білім және ғылым министрі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Күн сайын 2 миллион сабақ жүргізіледі – Білім және ғылым министрі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115470644215691.webp)
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте мұғалімдердің ауқымды жұмыс жүргізіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Күнделікті 2 миллиондай сабақ жүргізіледі. Ал сол сабақтар күн сайын 70-80 миллион рет қаралады. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Бір аптада 12 миллион жеке қолданушы интернет платформаларды қолданған. Тек Күнделік платформасын қарасақ, оған күніне 700 мың баға қойылып, 1 миллион сабақ жүктеледі. Бұл – әріптестеріміздің үлкен еңбегі және жүйелі жұмыстың жүргізіліп жатқанының көрсеткіші. 6 мыңнан астам телесабақтар түсіріліп, қазіргі уақытта бұл тетік те қолданылып жатыр. Сондықтан сабақ жүргізілмей жатыр деп айтуға болмайды. 500 мың әріптесіміз күнделікті тынбай еңбектену үстінде. Проблемалар да жоқ емес. Дегенмен әлі де тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жаз бойы мұғалімдер ІТ және киберқауіпсіздік жөніндегі курстардан өткен болатын. Бұған дейін университеттерде қашықтан білім беру қарастырылмаған. Бұл – жаңадан қосылған жағдай. Сондықтан осындай форматқа тез арада бейімделген ұстаздар қауымына ризашылығымызды білдіреміз», – деді ол.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)