547 мың оқушы мектеп қабырғасында білім алып жатыр – Аймағамбетов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
547 мың оқушы мектеп қабырғасында білім алып жатыр – Аймағамбетов
ашық дереккөз

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте еліміздегі 547 мың оқушының мектеп қабырғасында білім алып жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта білім беру тек қашықтан ғана емес, ата-аналардың шешімімен 547 мың бастауыш сынып оқушылары мектепке қабырғасында білім алуда. Оның өзінде де әр сынып 100 пайыз барып жатқан жоқ. Мысалы, 1-сынып оқушыларының 55 пайызы, 2-сынып оқушыларының 31 пайызы, 3-сынып оқушыларының 27 пайызы, 4-сынып оқушыларының 24 пайызы ғана білімін мектепке барып алып жүр. Елімізде 7 мыңдай мектеп болса, соның шалғай ауылдардағы шағын мектептері білім беруді штаттық режимде жүргізіп жатыр. Сондай-ақ балабақшаларда да қазіргі уақытта тек кезекші топтар жұмыс істеп тұр. Онда да кейбір ата-ана қазіргі ахуалды біле отырып, осындай қадамға барып отырғанын білгендеріңіз жөн. Мұндай процесс көктемдегі карантин кезінде де ұйымдастырылған болатын», – деді ол.