Цой: Қашықтан білім беру – уақытша процесс

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Цой: Қашықтан білім беру – уақытша процесс
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте мектептердегі білім беру процесінің қалай болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мектептердегі оқыту процесін штаттық режимге көшіру жөнінде денсаулық саласындағы шетелдік әріптестерімізбен бірнеше онлайн кездесу өткіздік. Алайда олар бұған әлі де алаңдаушылық білдіріп отыр. Себебі вирус жұқтыру қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазіргі қашықтан білім беру процесі мәжбүрлі түрде болып отыр. Наурыз айынан бері Қазақстанда 2 мыңнан аса бала коронавирус жұқтырса, оның 98 пайызы бүгінде жазылып шықты, 34-і әлі де ем алуда. Сондықтан мектептерде білім беру жағдайы кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады. Өйткені жабық ғимаратта көпшіліктің болуы вирус жұқтыру қаупін жоғарылатады. 12 жасқа дейінгі балалардың вирус жұқтырмайтыны туралы ғылыми деректер болғанмен, олардың тасымалдаушы болатыны анық. Ал 12 жастан жоғары балалар вирусты жұқтыру мен тасымалдауда белсенді топқа жатқызылады. Егер бір оқушы вирус жұқтырса, оның сыныптастары мен ұстазы және отбасы мүшелері 14 күндік карантинге жатады. Одан бөлек басқа адаммен байланыс жасаған болса, олар да карантинде жатуға мәжбүр болады. Біз қазіргі тұрақты жағдайды сақтап қалуымыз керек. Сол себепті де қашықтан білім беруды дұрыс шешім деп қабылдап отырмыз. Тағы да қайталап айтқым келеді, бұл – уақытша процесс», – деді ол. Оның айтуынша, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея сияқты әлемнің көптеген елінде балалар арасында вирус жұқтыру дерегі тіркелгендіктен, мектептер мен оқу орындары қашықтан білім беру режиміне көшкен.