Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік өсімі 0,1 пайызды құрап отыр – вице-премьер

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік өсімі 0,1 пайызды құрап отыр – вице-премьер
ашық дереккөз

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте қазіргі эпидахуал туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік өсімі 0,1 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда Covid-19 жұқтырған 86 дерек тіркелді. 5 шілдеден бүгінге дейін дертке шалдыққандарды жатын орынмен қамтамасыз ету 6 есеге, КВИ жағдайы бойынша жедел медициналық көмекті шақырту 5,5 есеге азайды. Науқастардың 99 пайызы емделіп шықты. Әлемдегі жағдайға келер болсақ, қауіп әлі сейілген жоқ. Күн сайын 250 мың ауру жұқтырған, 5 мыңнан аса өлім көрсеткіші тіркеліп отыр. Сонымен қатар көршілес ТМД елдерінде де жағдай мәз емес. Ресейде тәуліктік өсім 0,5 пайызды, Өзбекстанда 0,9 пайызды, Тәжікстанда 0,4 пайызды құрап отыр. Бұл елдермен біз тығыз қарым-қатынастамыз. Сондықтан мектептердегі оқыту процесін қашықтан ұйымдастыру оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр», – деді ол.