Интернет тартпайтын ауылдарда тұратын студенттер қалай білім алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Интернет тартпайтын ауылдарда тұратын студенттер қалай білім алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115469739804412.webp)
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингте интернеті жоқ ауылдарда тұратын студенттердің қашықтан қалай білім алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан білім алуы үшін білім ордаларының жатақханаларынан орын беріліп, компьютерлермен және кең көлемді интернетпен қамтамасыз етілді. Бүгінде 9 500 колледж студенті мен 15 мыңнан аса жоғары оқу орындарының студенттері жатақханаларда тұрып, қашықтан білім алып жатыр. Әрине, бұл жөніндегі жұмыстар ұзақ уақыт алады. Сондықтан осы жұмыстар әлі де жалғасуда. Министрліктің бақылауында», – деді вице-министр. Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі ЖОО-ларда 600 мыңнан аса студент білім алса, колледждерде 400 мыңнан аса студент оқиды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)