Компьютерлерді сатып алу 2021 жылға жоспарланған болатын – БҒМ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Компьютерлерді сатып алу 2021 жылға жоспарланған болатын – БҒМ
ашық дереккөз

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингте мектептерді компьютерлермен жабдықтау туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Компьютерлерді сатып алу 2021 жылға жоспарланған болатын. Бұған бөлінетін тиісті қаржы да 2021 жылға қарастырылған еді. Яғни оған дейін контент жағын реттеу, оқулықтар мен инклюзивтік білім беру сияқты басқа да жобаларды іске асыру алға қойылған. Алайда биылғы пандемия айтпай келгендіктен, министрлік техникалық жабдықтарды тез сатып алу жағын қолға алып, наурыз айында Дүниежүзілік банкке жүгінді. Алайда бюджетті қайта қарау кезінде 2021 жылға жоспарланған қаржыны 2020 жылға жылжыту процесі ұзақ уақытты қажет етті. Екіншіден, халықаралық рәсімдеу мерзімі де 9 айдан 12 айға дейінгі уақытты алады. Егер наурыз айында техниканы сатып алу шешімі қабылданған жағдайдың өзінде конкурстық процедуралар келесі жылдың наурыз айында аяқталып, сол кезде жеткізу жұмыстары жүргізілетін еді. Сондықтан министрлік тарапынан қарызды тоқтату шешімі қабылданды. Одан басқа республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен мектептерді компьютерлермен қамтамасыз ету процесі басталды», – деді вице-министр.