Вице-министр ұстаздар қауымына алғысын білдірді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Вице-министр ұстаздар қауымына алғысын білдірді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115470621967648.webp)
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингте министрлік атынан мұғалімдерге алғысын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгін – жаңа оқу жылының тоғызыншы күні. Қазіргі уақытта еліміз бойынша мектеп оқушыларының 77 пайызы қашықтан оқытылып жатыр. Қазақстан бойынша 7 мың мектептің 3 мыңында штаттық оқыту процесі жүргізілуде. Оның 60 пайызы – 1-сынып оқушылары. 500 мыңнан аса мұғалім штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Қашықтан білім беру бойынша оқушылар қажетті компьютерлермен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі ақпараттарды естіп, біліп отырмыз. Алайда биылғы оқу жылына дайындықтың болмағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Дайындық өз деңгейінде жүргізілді. 340 мыңнан аса мұғалім ІТ сала бойынша арнайы курстан өтті. Соның өзінде де ZOOM интернет платформасы арқылы жүргізілген сабаққа бөгде адамның кіріп, келеңсіз оқиғаның орын алғанынан хабардармыз. Бұл жағдай бойынша қазіргі уақытта ұстаздар арасында тағы да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, бұған дейін де ұстаздарға министрлік тарапынан ризашылығымызды білдіргенбіз. Олардың зор еңберіне тағы да алғысымызды айтамыз», – деді вице-министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)