ГРЕКО атқарушы хатшысы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларына оң пікір білдірді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ГРЕКО атқарушы хатшысы Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларына оң пікір білдірді
ашық дереккөз

Джанлука Эспозито Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо жемқорлыққа қарсы ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жүйелі тұрғыда шара қабылдау мен алдын алу жұмыстарына ерекше мән бергенді құптаймын», – деп атап өтті ГРЕКО атқарушы хатшысы. Осы тұрғыда сарапшы жемқорлықтың алдын алудың түп тамыры сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бағалау және оны қатысушы елдерде нақты іске асыру негізінде жатқанын атап өтті. Ол Президенттің сөйлеген сөзінде айтылған риясыз және әділ сот төрелігіне бағытталған бағдарға ерекше назар аударды. Оның пікірінше, құқықтық мемлекеттің бұл өлшемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімділікке қол жеткізудің негізгі шарты болып табылады. Өз кезегінде жемқорлыққа қарсы пәрменді шаралар қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырады және экономикалық өсуге ықпал етеді.