Орталық базарда карантин кезеңіндегі уақыт үшін арендалық төлем алынбайтын болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Орталық базарда карантин кезеңіндегі уақыт үшін арендалық төлем алынбайтын болды
ашық дереккөз

"Байқоңыр" ауданы әкімдігі мен қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жалға беруші (орталық базар) мен жалға алушылар арасындағы ТЖ режимі кезіндегі арендалық төлем бойынша түсініспеушілікті шешті. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Бүгінгі таңда мәселе шешілді, тараптар келісімге келді, ТЖ және карантин кезеңіндегі уақыт үшін арендалық төлем алынбайтын болды. Төлемді бұған дейін жасағандар үшін төленген күндер негізінде қайта есептеу жүргізіледі. Сондай-ақ, базар әкімшілігінің айтуынша, алдағы 2 аптаға аренда төлемін кейінге шегеру ұсынылады.