Қылмыстық Кодекске Мал ұрлығы туралы жеке бап қосылды – Бас прокуратура

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қылмыстық Кодекске Мал ұрлығы туралы жеке бап қосылды – Бас прокуратура
ашық дереккөз

ҚР Бас прокурорының орынбасары РК Марат Ахметжанов онлайн брифингте Қылмыстық Кодекске Мал ұрлығы туралы жеке баптың қосылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Ауыр қылмыстардың бірі – мал ұрлығы. Президент бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуде. Себебі соңғы жылдары мал ұрлығы кәсіпке айналып, ұйымдасқан қылмыс түріне айналып кетті. Сондықтан Қылмыстық кодекске Мал ұрлау деген жеке бап қостық. Ол өз нәтижесін беруде. Қазіргі күні мал ұрлығы 24 пайызға азайып отыр. Жазаның ауырлауы ұрлыққа мықты тосқауыл болды. Биылғы мамырда Түркістан облысында мал ұрлығыен айналысқан 5 қылмыстық топ ұсталды. Олар 200-ге жуық ірі қараны ұрлап, ауыл адамдарына миллиондаған теңге шығын келтірген. 1 қырүйекте сот Мал ұрлау бабына сәйкес, олардың әрқайсысын 8 жылдан бас бостандығынан айырды»,– деді ол.