Пойыздардағы вагон-мейманханалар біртіндеп ашыла бастайды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Пойыздардағы вагон-мейманханалар біртіндеп ашыла бастайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115474212714114.webp)
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 56 «Жолаушылар пойыздарындағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінде шектеу шаралары және оларды кезең – кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес, вагон-мейрамханалар, вагон-барлар және купе-буфеттер қызметі іске қосылады. Бұл туралы Елорда Инфо Ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жолаушылар пойыздарында қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі карантиндік шаралар мен санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қаулыға сәйкес жолаушылар өз вагонына тамаққа тапсырыс бере алады, сондай-ақ вагон-мейрамханаларының ішінде түскі ас ішуге рұқсат берілген. Алайда бұл тұрғыда вагон-мейрамханаларының толтырылуы 50%-дан артық болмауы тиіс. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар пойыздарында маска режимі бар екендігін, сонымен бірге кемінде 1 метр ара қашықтықты сақтай отырып, вагондар арасында жүруге жолаушыларға рұқсат етілгендігін естеріңізге салады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)