Сыртқы істер министрі Пәкістан Елшісін қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сыртқы істер министрі Пәкістан Елшісін қабылдады
ашық дереккөз

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Имтиаз Ахмад Қазиді қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елші Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Мехмед Курешидің жолдауын табыстады.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.

Тараптар Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясы 9-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың уақтылы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, халықаралық алаңдарда, соның ішінде АӨСШК, ИЫҰ және т.б. аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасылды.