Елімізде 139 адам коронавирустық белгілері бар пневмонияға шалдықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 139 адам коронавирустық белгілері бар пневмонияға шалдықты
ашық дереккөз

Өткен тәулікте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 139 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, осы аурудан 1 адам көз жұмса, 2 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада. 1 тамыздан бастап ауырғандардың жалпы саны – 27 762, 314 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 959 жетті.