Астанада бірқатар көше ішінара жабылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада бірқатар көше ішінара жабылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120657949955176.webp)
Бұл көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ақмешіт көшесінен Нұрлы жол көшесіне дейін (бір бағытта) Нұржол бульвары бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Нұрлы жол көшесі бойынша Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол жүру бөлігін ішінара жабу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар 14-25 мамыр аралығында жүргізіледі. Сонымен қатар қаланың көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Жангелдин көшесі бойынша Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстарды бастау жоспарлануда. Осыған байланысты 14-20 мамыр аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұған қоса 15-17 мамыр аралығында Бейбітшілік – Сейфуллин көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіледі. «Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлау қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз әрі жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)