Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында саннорма қалай сақталып жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында саннорма қалай сақталып жатыр
ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін санитарлық нормалардың қаншалықты сақталып жатқаны туралы айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Әуежай ғимаратына кіре берісте тепловизорлық смарт-камералар бірден көзге түседі. Жалпы, ғимарат ішінде осындай 15 тепловизор тәулік бойы әр кірген адамның қызуын тексеріп тұрады. Тепловизорлардан барлық ақпарат басқару пультіне түсіп тұрады. Онда әуежай қызметкерлері мониторинг жүргізеді. Термометрия тек ұшып бара жатқандарға ғана емес, ұшып келгендерге де жүргізіледі. [caption id="attachment_34843" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] «Келгендер арасында қызуы көтерілгендер болса, әуежай қызметкерлері оларды медициналық пунктке апарады. Егер медпунктте жолаушылардың қызуы көтерілгені анықталып, симптомдар болса, бірден жедел жәрдем шақырылады», – деді Нұрсұлтан Назараев Халықаралық әуежайы басқарма төрағасының орынбасары Бахыт Арнабол. [caption id="attachment_34848" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Бұдан бөлек, қашықтықты сақтау жөнінде еске салатын жапсырмалар барлық жерге орнатылған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар орындығының қоршауларына 2 мың метр лента, ақпарат үшін 2 мың жапсырма қолданылған. Бұл жұмыстарды атқаруға Аэровокзал кешені қызметінің 13 маманы жұмылдырылған. Әуежай қызметкерлері мен жолаушылар, қонақтар арасында бетперде режимі сақталған. 400 санитайзер орнатылған. Бахыт Арнаболдың айтуынша, күнделікті әр 3 сағат сайын әуежай аумағына, қызмет бөлмелеріне, арнайы техникаларға, сонымен қатар адам көп жиналатын орындарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. [caption id="attachment_34841" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] «Әуежайдың барлық қызметкерлері бетперде, қолғап, антисептик сияқты қажетті қорғаныш заттарымен қамтылған. Ол үшін 14 мың қорғаныш зат, 122 мың медициналық қолғап, 400 мыңнан аса бетперде сатып алынды. Күн сайын ауысым алдында және ауысым соңында мамандарға медициналық тексеріс жүргізіледі. Егер тексеріс кезінде қызуы көтерілгені немесе симптом анықталған жағдайда мамандар жұмыстан шеттетіледі», – деді Арнабол. [caption id="attachment_34842" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі рейстер арасындағы жолаушылардың толқыны 12 пайызға төмендеген. [caption id="attachment_34838" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Жалпы, пандемия кезінде жолаушылар ағыны 50 пайызға, авиарейстер 45 пайызға азайып, әуежай кірісі 70 пайызға төмендеген.