Елімізде БАҚ өкілдеріне арналған конкурс басталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде БАҚ өкілдеріне арналған конкурс басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115525712314576.webp)
«Болашақ» қоры журналистер мен әлеуметтік желілерді қолданушылар арасында инклюзивті білім беруді жариялау бойынша үздік материалға жыл сайынғы конкурстың басталғанын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Конкурстың жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңге. Конкурс 5 номинация бойынша өткізіледі: телевизиялық жұмыс, әлеуметтік ролик, баспасөз бетіндегі жарияланым, интернет-мақала және интернет- жарияланым/пост. Өтінімдер 2021 жылғы 1 наурызға дейін (қоса) қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні 2021 жылғы 2 сәуірде жарияланатын болады. Конкурс арқылы ұйымдастырушылар даму ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеудің практикасы мен сәтті тәжірибесін атап өтіп, азаматтарды инклюзивті білім берудің міндеттері мен артықшылықтары туралы ақпараттандыру процесіне журналистер мен әлеуметтік желілердің белсенді қолданушыларын тартуға тырысады. Ұйымдастырушылар бұл конкурс аутистикалық спектрі бұзылған адамдарға қазақстандық қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыруға оң әсер ететініне сенімді. Конкурс өткізіліп жатқан уақыт ішінде барлық Қазақстан мен шет елдерден барлығы 200-ден астам жұмыс келіп түсті. Конкурсқа республикалық және өңірлік телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің, баспа басылымдарының журналистері, сондай-ақ әлеуметтік желілерді қолданушылар қатыса алады. Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиа жетекшілері және осы іске жанашыр азаматтар кірді. Конкурс шарттарымен www.bolashakcharity.kz сайтында танысуға болады. Толық ақпаратты +7 775 225 19 07, 8 7172 500 618 телефондары бойынша ала аласыз. Айта кетейік, конкурсты «Болашақ» корпоративтік қоры «Nur Otan» партиясының қолдауымен жүзеге асырылатын инклюзивті білім беруді дамыту бойынша «Әр бала мектепке лайықты» жобасы аясында 2016 жылдан бастап өткізеді. Жоба білім беру ұйымдарында аутизм және басқа да ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін енгізуге бағытталған. «Әр бала мектепке лайықты» жобасы аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде инклюзияны қолдау 43 кабинеті ашылып, онда аутизм және басқа да ерекше қажеттіліктері бар 440 бала білім алады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)