Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығы мен «Елорда құрылыс компаниясы» арасында келісім жасалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығы мен «Елорда құрылыс компаниясы» арасында келісім жасалды
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Кәсіпкерлікті қолдау нарықтық табыстың негізгі компоненттерін қамтитын орта бизнеске ерекше назар аударуды білдіреді» деп атап өтті.

Орта бизнесті қолдау мақсатында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті алаңында Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығы мен «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС арасында ынтымақтастық пен бірлескен қызмет туралы меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меморандумның негізгі мақсаты - Нұр-Сұлтан қаласындағы проблемалық нысандар құрылысын аяқтау барысында отандық лифт өндірушілердің өнімін қолдану.

Іс-шара барысында Қазақстан лифтшілерінің ұлттық қауымдастығының президенті Игибаев Ержан Минимханұлы және «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының орынбасары Мырзағалы Жан Мырзағалиұлы сөз сөйлеп, құрылыста отандық лифт өндірушілерінің өнімін дамытуға қосып жатқан үлесі үшін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне алғысын білдірді.

Меморандум отандық лифт өндірушілерді тұрақты тапсырыспен қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етеді.