Мұхтар Тілеуберді Иранның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мұхтар Тілеуберді Иранның Қазақстандағы Елшісін қабылдады
ашық дереккөз

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың даму динамикасы атап өтіліп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту ұстанымы расталды.

Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.