Қазақстандық боксшылар Қазан қаласында жекпе-жек өткізеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық боксшылар Қазан қаласында жекпе-жек өткізеді
ашық дереккөз

27 қыркүйекте Қазан қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Аталған кеште бірнеше қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. ⠀ Жартылай орта салмақта бақ сынайтын 28 жастағы Бобиржан Моминов (11-0, 8КО) 34 жастағы ресейлік Вагинак Тамразянмен (17-7, 5КО) жұдырықтасады. Кездесу он раундқа жоспарланған. ⠀ Екінші орта салмақта өнер көрсететін 29 жастағы Арман Рысбек (7-0, 6KO) тағы бір жергілікті спортшы, 31 жастағы Гамзат Газалиевпен (4-0, 4KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек форматы - сегіз раунд. ⠀ Сондай-ақ, 18 жастағы жас бокс Дастан Садуұлы (3-0, 3КО) да осы кеште рингке шығады. Оның қарсыласы кейінірек белгілі болады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.