«Әбіл» драмасының сценариі Азиядағы ең ірі киножобалар нарығында ұсынылады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Қазақфильм» киностудиясы «Әбіл» драмасының сценариін Оңтүстік Кореяда өтетін Азиядағы ең ірі Asian Project Market киножобалар нарығында ұсынады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Аталған жобаның режиссері Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі 2016 Халықаралық Пусан кинофестивалінде үздік қысқаметрлі фильм атанған болатын. Осы жылдың қазан айында фильмнің халықаралық продюсері Анна Вильгельми («Төрт оқиға» реж. Эмир Байғазин, «Завтра море» реж. Катерина Суворова) ескі өсиеттерден жиналған қазақстандық шопанның оқиғасын әлемдік продюсерлер мен инвесторлаға ұсынады. АРМ кинонарығы Пусандағы халықаралық кинофестивальдің аясында өтеді. Бұл маңызды іс-шараға болашағынан зор үміт күттіретін жобалар ғана қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:57
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды
Бүгін, 11:38
Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды
Бүгін, 08:32
Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады
10 ақпан, 2025
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді